Стандарт Х.25. Желінің адрестелуі.

Глобальды желілер.

Компьютерлік желі – байланыс сызығы арқылы ақпарат алмасушы бір немесе бірнеше компьютерлер жиынтығы. Компьютерлік желі ақпаратты бір компьютерден екінші компьютерге өткізуге, сонымен қатар төмендегі ресурстарды: принтерлер, модемдер және хабарларды сақтау құрылғыларын пайдалануға мүмкіндік береді. Үлкен желіні – ресурстарға мүмкіндік ашу деңгейін, пароль қою мүмкіндігін, пайдаланушы құқығын беретін желілік администратор басқарады.

Желілер:

●Локальды (аймақтық) желі – бір-біріне жақын орналасқан компьютерлерді басқарады. Мысалы, бір ғимаратта орналасқан көрші бөлмедегі компьютерлер.

●Глобальды (ауқымды) желілер – глобальды желілер ережеге сай бірнеше локальды желілерді біріктіреді. Компьютерлер әр түрлі қалаларда және әр түрлі елдерде болуы мүмкін.

Сурет.Желілер түрлері.

Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін, жоғары жылдамдықтағы, аумақтық байланыс араларының пайды болуына байланысты барынша азаюда.

Ауқымды желілер ресурс қызметінде локальді желілер қызметіне сәйкес ыңғайлы болуда. Сонымен есептеуіш желілер компьютерлік технологиялар эволюциясының дамуынан шыққан.

Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас кұру үшін Web-серверлер пайдаланылуы мүмкін.

Стандарт Х.25. Желінің адрестелуі.

1979 жылы бүкіл әлемдік PSPDN (Packet-Switched Public Data Networks) жүйесінің негізінде Х.25 стандарты қабылданды. Ал шындығында Х.25 хаттамасын қоғамдық байланыс компаниялары 1970 жылдары құрастырған.

X.25 стандарты соңғы құрылғылар–(DTE - Data Terminal Equipment) терминалымен және дестелі режимде жұмыс жасайтын (DCE - Data Communication Equipment) мәлімет тарату құрылғысы арасындағы интерфейсті анықтайды .

Терминал ретінде ЭЕМ бола алады немесе X.25 қажеттілігін қамтамасыз ететін басқа кез келген жүйе. DTE қосылысы - DCE арқылы жүзеге асады.

X.25 желісінің басты ерекшелігі болып желіде коммутаторлар арасындағы ақпараттық өзара әрекетті қамтамасыз ету үшін виртуальді арна аппаратын қолдану болып табылады.

X.25 желісіндегі ақпараттық алмасу міндетті үш фазадан тұрады: - шақыру орнату (виртуалды арнада); - виртуалды арнамен ақпарат алмасу; - шақыру үзуі (виртуалды арнаның).

X.25 желісінде ақпаратты өзара әсерлесу физикалық, арналық және желілік деңгейде жүзеге асады.


Х.25 желісінің құрылымы

Х.25 желісіндегі адрестеу.

Егер Х.25 желісі басқа Х.25 желілерімен мәлімет алмасқысы келсе, онда оған Х.121 стандартының адрестеуін ұстауы керек. Х.121 адрестерінің (International Data Numbers, IDN деп те аталатын) әр түрлі ұзындығы 14 ондық белгіге дейін болады.

Алғашқы төрт IDN цифрі желідегі идентификация коды (Data Network Identification Code, DNIC) деп аталады. DNIC екі бөлікке бөлінген; бірінші бөлік (3 цифр) желі бар мемлекетті анықтайды, ал екіншісі – берілген мемлекеттегі Х.25 желі номерін. Осылай, әр мемлекет ішінде 10 Х.25 желісін ұйымдастыруға болады. Егер қайта номерлеу бір мемлекетке 10 желіден көп қажет болса, онда мәселе бір мемлекетке бірнеше код беру арқылы шешіледі.

45. 46 TCP/IP протоколының негізгі даму деңгейі структурасы..

Структурасы.

Желілік технологиялардағы хаттама ақпарат беруде қатысатын әртүрлі жүйелер үшін (бағдарламалар, шлюздер, мәліметтер пакеттері және басқалар) бірдей қолданылатын ережелердің реттелмеген жинағы ретінде анықталады. Хаттамалардың арқасында осы жүйелердің өзара әрекеті алдын ала бекітілген сценарий бойынша жүреді.Мәліметтер пакетінің желісі бойынша әртүрлі жүйелі кезеңдерге қозғалуына қарай оның басқа желілік элементтермен өзара әрекеттесуін әртүрлі деңгейдегі хаттамалар жан-жақты зерттейді. Осы типті желі шегінде әртүрлі элементтердің табысты өзара әрекеттесуі үшін қолданылатын осындай хаттамалардың толық жиынтығын топ немесе стек деп атайды. Интернет көп деңгейлі құрылымы бар TCP/IP хаттамалар тобымен жұмыс істейді. TCP/IP – Transmission Control Protocol / Internet Protocol ретінде оқылады (Мәліметтерді беруді басқару хаттамасы/ Интернет хаттамасы).

TCP/IP хаттамаларының стегінде төрт деңгей бар.

ІV деңгейі Ethernet, Token Ring, SLIP, PPP және басқалары ретінде физикалық және арналық деңгейлі стандартты хаттамалар негізінде жұмыс істейтін желіге қолжетімді деңгейге сәйкес келеді. Осы деңгейлі хаттамалар желідегі мәліметтерді аппаратты құралдар жеңгейінде пакеттік беруі үшін жауап береді.

ІІІ деңгейі мәліметтер пакетін бір желіден екіншісіне беру кезінде желіаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді. Бұл кезде IP хаттамамасы жұмыс істейді.

ІІ деңгей негізгі болып табылады және TCP берілістерін басқару хаттамасының базасында жұмыс істейді. Бұл хаттама әртүрлі машиналарда орналасқан қолданбалы бағдарламалар арасындағы хабарламаларды олардың арасындағы виртуалды қосылыстардың жасалу есебінен сенімді беру үшін қажет.

І деңгей – қолданбалы. TCP/IP стек бұрыннан бар және ол өзіне хаттамалардың және қолданбалы деңгейдің сервистерінің (GopherSpace дүниежүзілік кеңістік ресурстарына қолжетімділік үшін FTP файлдарын беру хаттамасы, Telnet хаттама, Gopher хаттамасы, дүниежүзілік ғаламтордағы және басқалардағы алыстатылған гипер мәтінді мәліметтер базаларына қолжетімділік үшін ең белгілі HTTP хаттамасы) көпшілігін енгізеді.


6864113610262121.html
6864142571594743.html
    PR.RU™